Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова: Өмірдегі ең маңызды нәрсе - жақсы күйеу табу (видео)

Опубликовано:

Әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерей Заманбекке үнемі айтып жүретін ақыл-кеңесімен бөлісті. Халық әртісінің сөзінше, өмірдегі басты мақсаттың бірі - жақсы жар тауып, ана болу деп жазады KAZ.NUR.KZ "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасап.

Отандық бағдарламаға қонақ болып келген әнші арулар жақсы жігітке жолығып, үлгілі ана әрі келін болуға ұмтылу керектігін айтады.

"Қызыма үнемі айтамын, бұл өмірдегі ең маңыздысы, басты медаль ол - жақсы күйеу табу, жақсы жігіт табу. Болашақта бір әулетке жақсы келін болып түсіп, сол әулеттің ұрпағын жалғастырушысы болып, үлкен ана деген атаққа ие болу - ол ең жоғарғы медаль деп айтып отырам" , - дейді әнші.

Айта кетейік, марқұм Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың ортақ қызы Мерей биыл мектепті бітіріп, студент атанбақ. Өнер иесінің айтуынша, ол халықаралық қатынастар мамандығына асқан қызығушылық білдіруде.

Оған қоса, 12 қараша күні Жүнісова күйеуінің қайтыс болған күніне орай ас беріп, құран оқытты. Әнші желіде танымал саясаткердің достары оны есіне алып, бастарынан өткен оқиғалармен бөліскен сәтін жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827193-makpal-znisova-mirdegi-e-mayzdy-nrse-zaksy-kjeu-tabu-video/

pixel