RU
Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетауға келді (фото, видео)

Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетауға келді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауға келді. Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді деп хабарлайды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше, мемлекет басшысы сапар барысында бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзін жариялады.

"Бүгін өздеріңізбен Көкше төрінде жүздесіп отырмыз. Арқаның айрықша сұлу аймағы – бүкіл еліміздің мерейі әрі мақтанышы. Бұл – тарихы терең, табиғаты ғажайып киелі өлке.
Тұғыры биік тұлғалар шыққан қастерлі өңір. Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары. Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Сондықтан облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттердің қатарында.
Мен Жолдауда айтып өттім, экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек.

Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз.

Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, бүгінгі жиында Ақмола облысын дамыту мәселелерін қарастырамыз", - деді перзидент.

.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel