RU
Ресейде колледждегі атыстан көз жұмған жігіт үйленуді жоспарлап жүрген (фото)

Ресейде колледждегі атыстан көз жұмған жігіт үйленуді жоспарлап жүрген (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Благовещенск қаласындағы колледжде 4-курс студенті ұйымдастырған атысқа қатысты тың ақпараттар шықты. Ол өлтірген курстастарының бірі жақында үйлену той жасауды жоспарлап жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Данил Засорин. Фото:Mash telegram-арнасы

Данил Засорин. Фото:Mash telegram-арнасы

Life Shot telegram-арнасының ақпараты бойынша, Денис Засорин 18 емес, 19 жаста.

Хабарланғандай, жігіт оқ ата бастағанда студенттер есікке қарай жүгірген. Ал Денис ешкімге қарамастан, атуды жалғастыра берген.

Полиция келгенде ғимаратта атыс басталған екен. Сол кезде шабуылшы бос аудиторияның ішіне қамалып, өз-өзіне қол жұмсапты. Қару Дениске тиесілі болған, ал колледж маңында оның көлігі оталып тұрған.

Telegram-арнаның ақпаратынша, атысқа курстастар арасындағы кикілжің себеп болыпты.

Жаңа түскен ақпараттарға сәйкес, Засорин колледжге қарумен келіп, оқытушыға шығып кетуді бұйырған екен. Ал осыған дейін сабаққа кешігіп келген студент өзін аудиториядан қуып жібергені үшін оқ атқаны хабарланған еді.

Қарулы студент жайлы ақпаратты оқытушы күзетшіге хабарлап, артынша көрші дүкенге жүгірген. Сол жерден олар полиция шақырып үлгеріпті. Ал колледж ғимаратындағы студенттеріне қайта оралығысы келген оқытушыны басқалар тоқтатқан екен.

ІІМ ғимараттағы атыс туралы сұрағанда күзетші тек қолын сілтеп кеткенін хабарлады.

Полицейлер ғимараттың екінші қабатынан патронға толы Засориннің сөмкесін тауып алған.

Қазір атыстан зардап шеккен екі студентке ота жасалуда. Оның бірі мойнынан, ал екіншісі ішінен жарақат алған.

Қанды оқиғадан шабуылшыны қосқанда екі адам қаза тапты.

Mash telegram-арнасының хабарлауынша, курстасының қолынан қаза тапқан студент өз сүйіктісі Даринаға сөз салуды жоспарлап жүрген. Алексей алған жарақатынан полиция мен дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Марқұм өз сүйіктісімен бірге. Фото: Mash telegram-арнасы

Марқұм өз сүйіктісімен бірге. Фото: Mash telegram-арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel