RU
The Limba әншілікке келуі, анасына берген серті мен арманы жайлы ашық сұхбат берді

The Limba әншілікке келуі, анасына берген серті мен арманы жайлы ашық сұхбат берді

Рассказать Вконтакте

Жастар арасында The Limba лақап атымен танылған әнші бүгінде түрлі музыкалық чарттардың көш басында. Оның әндері көпшілік жүрегінен орын тауып, фанаттар базасы одан бетер ұлғая түскен. Қарапайым алматылық жігіттің аздаған уақыт аралығында аса танымал жұлдызға айналуының құпиясы неде екені мен өзіне қатысты тың мәліметтермен ол KAZ.NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында бөлісті.

The Limba-ның шынайы есімі - Мұхамед Ахметжанов. Жас әнші 1997 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Жас жігіттің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы өмірден өз орнын таппай жүрген. Ал әншілікке түбегейлі келуге оны күтпеген жерден орын алған таныстық итермелген.

"Барлығы мен жұмысқа тұрып, Бахамен (QONTRAST) таныстығымнан бастау алды. Біз екеуміз бірге жеңілдік карталарын сататынбыз. Ол сынақ мерзімінде жүрді. Бір күні мен офисте гитарамен өлең айтқанда ол жаныма келіп, "Даусың керемет, менің өз студиям бар, кеттік" дегені бар. Мен өз кезегімде бұл ұсыныстан бас тартпадым" , - деп бастады Мұхамед.

Бүгінгі күні үлкен жетістіктерге жеткен әнші танымалдылығы артпай тұрып, талай қиындық көргенін жасырмады.

Өнерпаз жұмыс орнын қайта-қайта ауыстырып, түнімен студияда жоғала берген. Бұл жайт оның ата-анасының наразылығын тудырып, үйдегі жағдайды ушықтырып жіберіпті..

"Мен өз-өзімді тапқым келді. Көптеген жұмыс орындарын ауыстырдым. Маған өзім айналысып жүрген қызметім мүлдем ұнамайтын. Сол себепті, мен түнімен студияда болып, ән жазатынмын.

Ал таңертең жұмысқа ұйықтап қала бергенмін. Бір орында көп тұрақтамайтынмын. Мені үнемі жұмыстан шығарып жіберетін.

Ата-анам қарсы болды. Олар барлық ата-аналар секілді маған қатты алаңдады. Үйдегі жағдай одан бетер ушыға бастады. Алайда, бір күні мен өзімді қолға лып, анамнан маған бір жыл беруін сұрадым.
Анашым, маған осы 2018 жылды берші, қолымнан түк келмесе мен жұмысқа кіруге уәде етемін" дедім. Анам келісімін берді. Үш күннен кейін мен хит болған "Обманула" әнімді жазып шықтым" , - деді ол.

The Limba ешбір әншіні пір тұтпайтын болып шықты. Оның сөзінше, әрбір әншінің өз жолы бар. Ал өзіне ұнайтын музыканттар арасынан ол Баха (QONTRAST), Asiya, Loren, Martoven, Smock SB сияқты әншілерді атап өтті.

"Есімде қалған концерттер арасында Қарағандыда өткен концертті ерекше деп айта аламын. Ол кезде мен Интроверттің туры аясында өнер көрсеткенмін. Бұл кеш мен үшін естен кетпес болды. Себебі, мен тіпті адамдар менің әнімді жатқа біледі деп ойламаппын да" , - деп ағынан жарылды әнші.

Бүгінгі күні The Limba Ресейге қоныс аударған. Отандық әнші көрші мемлекетке өнерін шыңдау үшін көшіп кеткенін айтады.

"Көшіп кеткенім рас. Алайда, әзірге бар сырымды аша алмаймын. Уақытысында көрерсіздер" , - леп қысқа қайырды Мұхамед.

Оған қоса, жас әнші алдағы бес жылда Батыстың танымал жұлдызымен дуэт жазуды көздеп отырғанын айтып қалды.

Барша сұраққа мүлтіксіз жауап берген ол жеке өміріне қатысты пікір білдіруден қашқақтады.

"Үнемі осы сұрақтан қашып жүремін. Себебі, бәрі құпия болып қалғанын қалаймын" , - деді ол.

Сұхбат соңында The Limba әншілікті таңдамағанында бағын Stand Up саласында сынап көретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel