RU
Азияның ең сұлу аруы анықталды

Азияның ең сұлу аруы анықталды

Рассказать Вконтакте

TCCAsia көңіл көтеру сайты 2019 жылы Азияның ең сұлу 100 аруының тізімін шығарды. Рейтинг аймақтағы танымал актриса, әнші мен мәдениет өкілдерінен тұрды деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бірінші орынға Таиландтан шыққан Лалиса Манобан ие болды. Ол әнші, репер, модель, биші әрі танымал оңтүстік корейлік Blackpink тобының мүшесі.

Ару 1997 жылы Бангкок қаласында дүниеге келген.

Танымал ару топтың құрамында 2016-2018 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 2019 жылы жеке шығармашылығымен айналыса бастады.

Қазіргі таңда әнші әлемдік тур ұйымдастырып, түрлі елдерде жеке кештерін беріп жүр.

Екінші орынға жапондық әнші Сакура Мияваки жайғасты. Blackpink тобының тағы бір мүшесі корейлік Дженни Ким үшінші орныды иеленді.

Ару дәл Лалиса секілді екі жыл топ құрамында өнер көрсетті. Дегенмен әріптесіне қарағанда топтан тысқары шықпай, жеке шығармашылықпен айналысуын да қолға алыпты. Ол 1996 жылы дүниеге келген.

Топ-5-ке қытайлық актриса Анжелу Ян Ин мен қытайлық фотомодель Суи Хэ кірді.

Рейтингке K-pop индустрияның көптеген өкілдері ілікті. Олардың қатарында Taeyeon, Girls’ Generation тобының мүшесі Им Юна мен Red Velvet тобының мүшесі Айрин бар. Ал 16-орынға израильдық актриса Галь Гадот ие болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel