RU
Тоқаев: Біз көзбояушылықпен айналыспауымыз керек

Тоқаев: Біз көзбояушылықпен айналыспауымыз керек

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауға жасаған сапарында жаңа мемлекеттік бағдарламаға дайындыққа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тоқаев үкіметтің, парламент депутаттарының және өңір басшыларының барлық күштері Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясын, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны толық жүзеге асыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

"Бізге бос әурешілікпен, көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы тек нәтижелі есептер емес, нақты іс-қимылдар мен ойластырылған талдаулар қажет екенін мәлімдеді.

Одан бөлек, президент Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасына деген ерекше қажеттілігін атап өтті. Сондықтан осы салаға жауапты министрлікке өндірісті қаржыландыру және қажетті өнімді сату алгоритмін құруды тапсырды.

Президент мемлекет аграрлық секторды дамыту үшін қыруар ақша бөлсе де, елдегі бидайдың орташа өнімділігі гектарына 12 центнерден аспайтынын айтты.

Сонымен қатар, Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аграрлық аймақ биліктеріне АӨК саласында еңбек өнімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ол жерді пайдаланбайтын адамдардан алып қою қажеттігін тапсырған Жолдауын еске салды.

"Бұл әдемі сөз үшін ғана айтылған жоқ. Бұл өте маңызды тапсырма. Адал, еңбекқор фермерлер мен шаруалар жұмыс істейтін, мал бағатын жер таппай жүр", - деді президент.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel