RU
"Қажетті бақылау жоқ": Тоқаев азық-түлік бағасының өсуіне шүйлікті

"Қажетті бақылау жоқ": Тоқаев азық-түлік бағасының өсуіне шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Көкшетауға жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев өңір активімен кездесті. Өз сөзінде мемлекет басшысы қазіргі уақытта баға белгілеуде қажетті бақылаудың жоқтығын айтты. Ол осыған байланысты бейінді ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдарды сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Twitter-дегі Ақорда баспасөз қызметінің ресми парақшасында мәлім болғандай, президент елдің басты астық алқаптарының бірі саналатын Көкшетаудағы ұн бағасының қымбаттығына назар аударды.

Оның айтуынша, бұл өңірде ұн бағасының өсімі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен – 47 пайызға жуық.

"Осылайша, халықтың нақты табысын арттыру бойынша қабылдап жатқан шараларымыздың барлығы жоққа шығарылуда. Бұл баға белгілеуде қажетті бақылаудың жоқтығын көрсетеді", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Айтуынша, бұндай жағдайда министрлік нарықтағы бағамның құбылмалылығына, маусымдық сипат пен өзге де себептерге сүйеніп, жай ғана фактіні көрсетумен шектеледі.

Тоқаев осы орайда әкімдердің бұл жұмыстан ат-тонын ала қашқандарын, ал азық-түлік бағасына оң ықпалын тигізуге тартылған тұрақтандыру қорлары өз міндеттерін тиісті орындай алмай жатқандарын жеткізді.

Ол бұл мәселеде қажетті бақылаудың жоқтығына назар аударып, сәйкесінше, өзінің берген тапсырмалары орындалмай жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, жұмыс сапарымен Көкшетауға барған мемлекет басшысы өңірдің туристік әлеуеті жайлы мәселе көтерді. Ол жол бойындағы адам шошырлық әжетханалар туралы сөз қозғады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel