RU
Өздігімен қозғалған мүгедектер арбасы аурухана қызметкерлерін шошытты

Өздігімен қозғалған мүгедектер арбасы аурухана қызметкерлерін шошытты

Рассказать Вконтакте

Жантүршігерлік кадрлар Үндістандық Чандигарх қаласындағы аты аталмаған аурухананың бейнебақылау камераларына түсірілді. Видео YouTube жесіліне шығып, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ paranormal-news.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Аурухана қызметкерлерінің өзі не болып жатқанын түсінбей қалды. Ал видеоны көргеннен кейін олар өзара сөз таластыра бастады. Бірі оны ауруханада қайтыс болған науқастың рухы десе, енді бірі арбамен ойнағысы келген шулы елес деп есептеді.

Алайда олардың арасында арбаны тек желдің салдарынан жүріп кетті деп есептейтіндер де бар.

Күзетшілердің бірі болған жағдайдың желге еш қатысы жоқ екенін алға тартты. Ол арба есік алдында қозғалып жатқанда салқындықты сезгеннін айтты.

Кадрдан мүгедектерге арналған арбаның о баста жазық жерде жай тұрғанын көруге болады. Ол жер тіпті, дөңес те емес еді. Алайда бір кезде арба әлсіз қозғалып, өздігімен жүре бастады. Кейіннен ол алаңның ортасына дейін жетіп, аурухана шығаберісіне жақындады.

Арба аулаға жақындап, тоқтап, бұрыла сала жолға қарай бара жатқаны камераға түсіп қалды.

Бұл видеоны аурухана дәрігерлері мен медбикелері көргеннен кейін мекемеде елестердің жүретініне көздері жетті. Ал кейбір күзеткішелер осы жағдайдан кейін түнгі кезекшілікке шығудан бас тартып жатыр екен.

Сіздің реакцияңыз
0
6
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel