Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шпекбаев Манзоровтың ісі туралы: Ешқандай тапсырыс болған жоқ

Опубликовано:

Күні кеше Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, бұл әрекеттердің "тапсырыс" бойынша жасалғанын айтты. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: kyzmet.gov.kz, baribar.kz
Коллаж: NUR.KZ. Фото: kyzmet.gov.kz, baribar.kz: Facebook
"Ешқандай тапсырыс болған жоқ – барлығы тексеріс жүргізу кезінде анықталды. Осымен бітті. Бас прокуратура жауабын берген соң, алдағы іс-әрекеттер жөнінде хабарлаймыз", – деді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.

Бас прокуратураның шешімі бойынша тоқтатылған тергеудің мән-жайы әзірге айтылмай отыр.

Бұдан бұрын Манзоровқа қарсы іс қозғағандар жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Шенеуніктің аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамаққа алынғаны белгілі болды.

Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысының әкімдігі оның қызметінен босатылмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827235-spekbaev-manzorovty-isi-turaly-eskandaj-tapsyrys-bolgan-zok/

pixel