RU
"Амандаспай өтіп кететінбіз": Құралай Нұрқаділова әкесімен қандай қарым-қатынаста болған

"Амандаспай өтіп кететінбіз": Құралай Нұрқаділова әкесімен қандай қарым-қатынаста болған

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова марқұм болған әкесі - белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды. Ол екінші отбасын құрған асқар тауын көрген кезде қасынан амандаспай өтіп кеткен кездері болғанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Құралай Нұрқаділова әкесімен қарым-қатынасы аса ауыр болғанын айтып, басынан өткен қиын кезеңді есіне алды.

"Бізге мүлдем көмектескен жоқ. Біздің қарым-қатынасымыз сондай болып қалды. Мен оны кінәламаймын. Бұл оның таңдауы болды. Қазір мен оны түсінемін.

Әрине, бәлкім бұған дейін менің оған деген қарым-қатынысым жаман болды. Қазір маған сол кезде әлдеқайда жұмсақтау болу керек пе еді деп ойлаймын.

Бұл жағдайды өз көзімен көрген кейбір адамдар тіпті шок болды. Біз бір-біріміздің қасымыздан амандаспай өтіп кететінбіз. Жағдай қиын болды.

Адамдар қатты таңғалып жатты. Біздің мінезіміз бірдей. Бірақ, мәселе мінездерімізде емес. Адамдар үшін біздің араласпауымыз қызық болды. Тіпті, сөйлесіп үлгергеніміздің өзінде бізді ұрыстырып қоятын.
Себебі, айналамызда пайдақор адамдар көп еді. Оларға әкемнен пайда қажет болды. Ал мен оның көзін ашатын едім" , - деді Құралай Нұрқаділова.

Сіздің реакцияңыз
9
1
3
21
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel