RU
Оралда шаштаразға кеткен ер адамды екі аптадан бері іздеп жатыр

Оралда шаштаразға кеткен ер адамды екі аптадан бері іздеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстанда із-түссіз жоғалған Абай Жолаевқа іздеу салынды. Соңғы рет ер адамды 2 қарашада көрген. Сол күні ол шаштаразға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото туыстарының архивінен алынды

Фото туыстарының архивінен алынды

Абай Жолаевтың туысы қазіргі уақытта оның ұялы телефоны өшіп тұрғанын және ол жақындарымен байланысқа шықпай жүргенін айтады.

"2 қарашада Абай жұмыстан шығып, Оралдағы Құрманғазы көшесінде орналасқан шаштаразға соққан. Ол жерден шыққан соң үйіне оралмаған. Біз бірден арыз жазып, полицияға жүгіндік.
Біршама уақыттан кейін бізге туысымыздың Ақжайық ауданы Тайпақ ауылына қарай баратын тас жолда көрінгенін хабарлады. Оның құжаттары өзімен емес.
Қалтасында шамамен 50 мың теңге ақшасы болған. Біз барлық туыстарымыз бен таныстарымызға хабарласып шықтық, оны ешкім көрмеген", – дейді жоғалған азаматтың туысы Ақкенже Бахыт.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қазіргі уақытта Абай Жолаевқа іздеу салынғанын жеткізді. Өңірдің барлық аудандарына бағдар берілген. Оны іздестіруге арнайы құрылған топ жұмылдырылды. Сондай-ақ еріктілер де көмек көрсетуде.

Жоғалған ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді мына телефон нөмірлеріне хабар беруді сұрайды: 102 немесе 8 747 240 40 51.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel