RU
Тауда жоғалған қыздың туыстары іздеу жұмыстарына тікұшақ тартуды сұрады

Тауда жоғалған қыздың туыстары іздеу жұмыстарына тікұшақ тартуды сұрады

Рассказать Вконтакте

Болжам бойынша, Алматы тауында жоғалып кеткен Әсел Панаргалиеваның жақындары ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінен іздеу жұмыстарына тікұшақ тартуды сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

Қыздың туыстары ТЖК төрағасы Владимир Беккердің атына хат жолдады. Өтініштері орындалмаған жағдайда олар тікұшақты ақшаға жалдауды жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын ІІМ төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының жеке құрамы екі күн бойы Алматы қаласының маңында жоғалған турист қызды іздестіріп жатқанын хабарлағанбыз.

Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді. Белгілі болғандай, ол 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан. Сол күні сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы көлінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Содан кейін байланысқа шықпаған.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

"Туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінді. Себебін білмейміз. Қыз табылған болуы мүмкін", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі.

Бұдан кейін, 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel