RU
Қарағанды облысында өртенген әйелдің мәйіті табылды: Күдікті танысы ұсталды

Қарағанды облысында өртенген әйелдің мәйіті табылды: Күдікті танысы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ресми ақпаратқа қарағанда, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртенбеген.

Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол қаза болған әйелдің танысы болып шыққан.

"21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен сөзге келіп қалған соң оған жарақат салған. Артынан мәйіттен құтылмақшы болған. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген", – дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті тасымалдаған автокөлігі де анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр.

Оқиға ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр. Аталған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген.

Денесінің басым бөлігін күйік шалған 38 жастағы әйел травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында көз жұмды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel