RU
Жасы келген соң өзі сүймейтін жігітпен бас қосқан келіншек көпке мұңын шақты

Жасы келген соң өзі сүймейтін жігітпен бас қосқан келіншек көпке мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Екі баласы бар әйел жұмыс істемей, үйде жата беретін күйеуінен шаршағанын айтып, елден кеңес сұрады. Келіншектің сөзінше, ол бүгінде жанұясын өзі асырап, бағып-қағып жүрген көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншек өзінің күйеуі, ата-енесі және қайын сіңлісімен бірге тұрады екен.

"Сәлеметсіздер ме, сіздерден сұрайын дегенмін. Тұрмыстамын, екі балам бар. Күйеуімнің ата-анасымен, қайын сіңліммен бірге тұрамыз. Олармен қарым-қатынасым шүкір жақсы. Мәселенің бәрі күйеуімде болып тұр.

Күйеуімді жақсы көрмей тұрмысқа шықтым, әлі де жақсы көрмеймін. Тек жасым келіп қалғандықтан, амалсыздан оған тұрмысқа шыққан болатынмын. Уақыт өте келе, оны сүйіп кетемін деп ойладым.

Өкінішке орай, олай болмады, жарты жылда, тіпті кейде одан да көп уақыт өткенде жақындасамыз. Бірақ мәселе онда да емес. Ол біз үйленгеннен кейін, бір жылдан соң жұмыстын шығып кетті. Содан бері үйде отыр", - деп әңгімесін бастаған келіншек.

Оның сөзінше бүгінде ол отбасын өзі асырып, бағып-қағып жүр екен.

"Оны қанша рет жұмысқа шығармақ болдым, тіпті өзім бірнеше рет жұмыс та тауып бердім. Жай да, ақылмен айтып та көрдім, бірақ одан түк шықпайды.

Ал өзім өмірі жұмыс істеп келемін, тамақ, киім, үйірмелер, үйдің ақшасын, бәрін өзім төлеймін.

Қазір, шыны керек, оны еркек ретінде сыйлаудан қалдым. Ажырасайын десем балаларымды аяймын, ал бір жағынан ертең балаларым ер жетіп, әркім өз жолымен кетеді...

Ал мен өмір бойы өзім сүймейтін адаммен тұрып, оны өмір бақи бағуым керек деген ойдан қорқамын.

Шынымды айтсам, бәрінен шаршадым, жаны нәзік, қарапайым әйел болғым келеді. Не істейін, айтыңыздаршы", - деп көптен ақыр сұраған ол .
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
15
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel