RU
20 жыл бұрын жабылған Торғай облысы 1,3 млрд теңге қарыз болып шықты

20 жыл бұрын жабылған Торғай облысы 1,3 млрд теңге қарыз болып шықты

Рассказать Вконтакте

1,3 млрд теңге қарыз Торғай облысының "мойнында". Алайда, аталған аймақ 20 жылдан астам уақыттан бері картада жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Есеп комитетінің отырысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов аудиторлық тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Соның нәтижесінде өңірдің 1,3 млрд теңге қарызы анықталды. Алайда, бұл қаражат Торғай облысының есебінде болған.

Ол әкімдіктің 20 жыл бойы осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдап жатқанын жеткізді. Алайда, әкім орынбасарының айтуынша, қарыз алушының міндеттемелерін растайтын құжаттар табылмаған. Немесе мемлекеттен қарыз алған заңды тұлғалар қазір жоқ.

Спанов бұл проблеманың облыстық деңгейде шешілмейтінін, себебі қаражатты қаржы министрлігі бөлгенін атап өтті.

Осыған ұқсас мәселелер Қазақстанның өзге де өңірлерінде бар екені белгілі болды.

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова "өлі қарыздар" жөніндегі мәселелерді қарастыру бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.

Айта кететін жайт, кезінде әкімшілік орталығы Арқалықта орналасқан Торғай облысы 1997 жылы жабылды. Аталған аймаққа тиесілі аудандар Ақмола мен Қостанай облыстарының құрамына кірді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel