Выйти
RU

Алматылық қызды іздеу жұмыстары: Әуеге авиация көтерілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Болжам бойынша, Алматы тауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары қайта жандандырылды. Қазіргі сәтте іздеу шараларына тікұшақ тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Іздестіру аумағын барынша кеңейту үшін әуеге авиация жіберілді. Белгілі болғандай, тікұшақ әуеге астана уақытымен 16:01-де көтерілген.

Бұдан бұрын Әсел Панаргалиеваның жақындары ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінен іздеу жұмыстарына тікұшақ тартуды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді. Белгілі болғандай, ол 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан. Сол күні сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы көлінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Содан кейін байланысқа шықпаған.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық қызды іздеу жұмыстары: Әуеге авиация көтерілді