RU
"Күйеуім мені өзгертті": Мереке Қалбаева өзіне жағымсыз пікір жазатын ерлерге шамданды

"Күйеуім мені өзгертті": Мереке Қалбаева өзіне жағымсыз пікір жазатын ерлерге шамданды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық арнадағы "Ниет" бағдарламасына қонаққа келген Мереке Қалбаева өзіне және өзінен 6 жас кіші күйеуіне сыни пікірлер жазатын ересек адамдарды сынады. Айтуынша, жас ерекшелігіне қарамастан жұбайы оның мәнезін өзгерте алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева бағдарлама барысында өзінің кем тұстарын бетіне басып, желіде суреттерін талқылап отыратын ересектерге шамданды.

"Егер бір адам ұнамаса, көңіліңді түсіріп, оның парақшасын не істейсің? Менің көргім келмейтін, ұнатпайтын парақшаларым бар. Бірден блоктап тастаймын. Себебі көңіл күйім түсіп кетеді. Мені көрсе нерв клеткалары өлетін болса, мені блоктап тастасын", - деп кеңес берді ару.

"Адамдарға біресе даусым ұнамайтын. Бір кезде түріме тиісті. 10 жыл сахнада жүргеннен кейін сахна мәдениеті деген болады. Сахна мәдениетін мен соңғы 2-3 жылда білдім. Оған дейін тек сахнаға шығып, күлдірсем болды деп жүрдім. Күйеуім мені өзгертті.

Жаста тұрған ештеңе жоқ. Мың жерден жасың 40-50-де болсын, өзіңді ұстау мәдениетің болмаса, қалай сөйлеу керек екенін білмесең, қазір ондайлар көп қой...Үлкен ерекектер маған: "Мынауың сақаума" деп жазады, кішкентай бала шығар жазған деп парақшасына кіріп қалсам, зіңгіттей еркектер болып шығады", - дейді Мереке.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel