RU
Айлакер әйел түрмедегі күйеуіне телефонды мантының ішіне тығып апарған

Айлакер әйел түрмедегі күйеуіне телефонды мантының ішіне тығып апарған

Рассказать Вконтакте

Түрмеде отырған күйеуіне тыйым салынған затты тамақ ретінде мантының арасына орап өткізбекші болған әйелдің әрекеті әшкере болды. Оқиға кеше 13 қараша күні болған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

түрме

Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеуші жұбайына барған келіншек ыстық тамақтың ішіне ұялы телефонды тығып бермекші болған.

Түзету мекемесінің қызметкерлері бақылап өткізу бекетінде​ қамырға оралған телефонды анықтапты.

Күйеуіне ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелден тәртіп бақылаушылары тағамның ішіне жасырылған ұялы телефон мен 4 гб флешкартаны, атап айтқанда, манты тағамының ішінен таупы, тәркіледі.

Айласын іске асыра алмай қалған әйел кінәсін бірден мойындаған. Ол белгісіз адамдардың түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға ыстық тағам беруді сұрағанын алға тартыпты.

"Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік пен он айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Бұл дерек ҚАЖ мекемесінің есепке алу және ақпараттар кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданылды,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel