RU
Екі күн бойы зиратта жатқан сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

Екі күн бойы зиратта жатқан сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты, Барели қаласында ерекше жағдай тіркелді. Шаһардағы зираттардың бірінде қыш құмырадан сәби табылып, ол ғажайыптың күшімен аман қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қуантарлығы, дәрігерлер шақалақтың өмірін аман алып қалған.

Нәресте бар-жоғы бір килограмм ғана тартқан және оған зиратта екі күн бойы жатқандықтанған қатты суық тиіпті. Қыз бала туғанынан ембегендіктен, оның ағзасында тіпті май талшықтары да қалыптаспаған екен.

Дәрігерлердің емінің арқасында оның салмағы бүгінде екі есеге артқан. Ол аурухана дәрігерлерін танып, солардың қолынан сүт еметін болған. Дәрігерлер алдағы күндері оны тіпті ауруханадан шығарамыз деп отыр.

Ал сәбиді зиратқа тастап кеткен ата-ана қылмыс жасамақ болды деген күдікке ілінген.

Өкінішке орай іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, олар әлі күнге дейін табылмаған. Десе де полицейлер іздестіру жұмыстарын тоқтатқан емес.

Олардың болжамынша, сәбидің ата-анасы баланың шала туғанын білгеннен кейін оны жерлемек болған.

Әке-шешесі шақалақты қыш құмыраға салып, сыртын матамен орап, тереңдігі 60 см болатын қабірге көміп тастапты. Сәби жер астында 48 сағаттан астам уақыт болған.

Бөбекті өлі туған балаларын жерлемек болған өзге ата-ана тауып алыпты. Олар баланың жылаған дауысын естіп, жедел түрде полиция мен жедел-жәрдем шақырған.

Бүгінде қыз баланың биологиялық ата-анасы табылмаса, қабірден тапқан ерлі-зайыптылар оны асырап алмақ екен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
5
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel