Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп оқушысын қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырды (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік Астанада белгісіз біреу 7 жасар мектеп оқушысын оқу ордасының маңында қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Кадр видеодан алынды
Оқиға орны. Кадр видеодан алынды: UGC

Оқиға орнынан видео kris_p_forever Instagram-тобында жарияланды. Кадрларда көшенің бойында жол талғамайтын көліктің тұрғанын көруге болады. Ал жолдың ортасында үстіне сырт киім жабылған кішкентай қыз жатыр. Оның айналасына бірнеше адам жиналған.

Кейбіреулері балақайға көмек көрсетуге тырысып жатыр. Ал бір әйелдің құлағына телефон тақап тұрғаны көрінеді. Ол жедел жәрдем шақырып жатқан болуы керек.

Видеоның жазбасында жол-көлік оқиғасының 14 қараша күні таңертең Біржан көшесінің бойында, №68 мектеп маңында болғаны айтылады.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысын қағып кеткен автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін жасырған.

Сондай-ақ посттың жазбасында осы көшеде үнемі кептеліс болуына орай жедел жәрдемнің келуі қиындай түскені айтылады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz-ке 7 жасар мектеп оқушысының жағдайы жөнінде баяндап берген. Ведомствоның ақпарынша, кішкентай қыз ми шайқалуы, жабық бассүйек-ми жарақаты және дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Қазір ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827283-almatyda-mektep-okusysyn-kakkan-zrgizusi-okiga-ornynan-izin-zasyrdy-video/

pixel