RU
Өскеменде мейрамханаға қонақ болып барған 15 адам уланып қалды

Өскеменде мейрамханаға қонақ болып барған 15 адам уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде мейрамханаға қонақ болып барған 15 адам уланып қалды. Олардың барлығына сальмонеллез диагнозы қойылған. Өкінішке орай уланғандардың арасында үш жүкті әйел адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес науқастар ауруханаға бірдей белгілермен, бірінен кейі бірі келген. Олардың барлығы мейрамханада қонақ болып, сол жақтан тамақтанғандықтарын жеткізген.

Кейін денсаулықтары сыр берген олар, дереу дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бүгінде зардап шеккендер барлығына мейрамхана қызметкерлерін кінәлап отыр.

Өкінішке орай уланғандардың арасында үш жүкті әйел адам болған. Бүгінде олар өздерінен бөлек, құрсақтағы сәбилеріне де зақым келуі мүмкін деп отыр. Уланғандар алдағы уақытта мейрамхананы сотқа бермек.

"Мейрамхана емге кеткен дәрілер мен жұмыстан қалған күндеріміздің өтемақысын өтеп берсе екен дейміз", - дейді науқастардың бірі.

Қазіргі таңда уланған 15 адамның 7-еуі үйде, амбулаторлық режимде ем қабылдап жатса, қалған 8-і стационарда емделуде.

"Зертханалық анализдер жасалған соң, олар үш тәулік антибиотик қабылдайды, кейін науқастар тағы да анализ тапсырады. Бұл анализ апта соңында тапсырылады", - дейді дәрігерлер.
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel