RU
Ақмола облысында студент қыз із-түссіз жоғалып кетті

Ақмола облысында студент қыз із-түссіз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 16 жастағы колледж студентіне іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: Ernur.kz

Көрнекі фото: Ernur.kz

Ведомствоның мәліметінше, 13 қарашада Көкшетау қалалық Полиция бөлімшесінің кезекшілік бөліміне 16 жастағы Расула Жанашеваның жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Жоғалған қыз соңғы рет анасымен 12 қараша сағат 16:00-де сөйлескен екен. Одан кейін бойжеткеннің телефоны өшірілген. Құрбы қызының айтуынша, Расула өз еркімен елордаға кетуі мүмкін.

"Қазіргі кезде жоғалған қыздың туыстары мен таныстары, сондай-ақ, жоғалған күні көрген адамдар анықталды. Арнайы топ Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында іздестіру шарасын қолға алуда», дейді ведомстводан.

Жанашева Расула Сергеевна: Бойы 160-165 бойы сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара түсті, қысқа қиылған. Ерекше белгілері: Тісінде брекет, он қолының алақанында жүректің суреті бар. Үстіне ақ күрте, қара күртеше, қара джинсы, ақшыл түсті етік киген.

Айта кетейік, Алматы тауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына тікұшақ тартылды. ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel