RU
Күйеуін келінінен қызғанатын әйел жан сырын ақтарды

Күйеуін келінінен қызғанатын әйел жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Екінші рет тұрмыс құрғанына біраз уақыт болған келіншек күйеуін келінінен қызғанатынын айтты деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Күйеуім екеуміз бір бірімізді жақсы көріп қосылдық. Оның маған деген көзқарасына, махаббатына көңілім толады. Бірақ, келінімнің күйеуіме деген көзқарасы басқаша, ұнамайды. Қысқасы келінімнен қызғанамын. Қояр деп үміттеніп жүр едім, жоқ қоймады. Жұмыстан келсе күлімдеп қарап, баласын беріп, маған айтпаған әңгімелерін оған айтады, тіптен өз күйеуіне олай айтпайды.
Қайнысы мен жеңгесінің ойнап әңгімелесетінін көргенмін, бірақ қайынағасымен ойнағанды бірінші көруім. Біраз уақыттан бері байқағандықтан алғашқыдағыдай оған деген қарым қатынасым онша емес. Өзіне айтайын десем ұрыс бола ма деймін. Мен де алдында күйеуімен (қайныммен) ойнап күліп, әңгіме айтып біраз тұрып қалып едім, содан үйге кірсем тоңқылдап жүр екен. Ішімнен біреудің күйеуімен әңгімелескен қандай екен дедім де жүре бердім. Не істесем болады? Әлде менікі орынсыз қызғаныш па?",- дейді келіншек.

Айта кетейік, осыған дейін екі баласы бар әйел жұмыс істемей, үйде жата беретін күйеуінен шаршағанын айтып, елден кеңес сұрағанын хабарлаған едік. Келіншектің сөзінше, ол бүгінде жанұясын өзі асырап, бағып-қағып жүр

Сіздің реакцияңыз
5
0
6
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel