RU

Қазақ қызы ағылшын профессорларын таң қалдырды

Лондондағы Сити университетінің студенті Айжан Рымбек математика пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Айжан Рымбек есеп шығарғанды ұнатады. Бала күнінде өскенде кім боласың деген сауалға банкир боламын деп жауап беретін. Қазір ол жетекші британ университеттерінің бірінде математика және статистика факультетінде оқиды.

Айжан - білім, еңбекқорлық және өзіне деген сенім асыл арманды бағындырудың басты тетігі екендігін жақсы түсінеді. Халықаралық олимпиадаға қатысқан 130 студенттің арасында қазақ қызы профессор Таннердің сыйлығын жеңіп алып, ең үздік деп танылды. Нәтижесінде Айжан құрмет дипломы, қаржылай сыйақымен марапатталып қана қоймай, математика қоғамдастығының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Нәтижесінде Айжан құрмет дипломы, қаржылай сыйақымен марапатталып қана қоймай, математика қоғамдастығының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Оладжа Кастаро-Алваредо, Сити университетінің профессоры:- Айжан - математика факультетінің үздік студенттерінің бірі. Ол "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуда. Қазақстанның талантты жастарға қолдау көрсетуі құптарлық жайт. Мұндай елдің болашағы зор болмақ.

Айжан - математика факультетінің үздік студенттерінің бірі. Ол "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуда.

Мұндай жеңіске бірден жеткен жоқпын, - дейді Айжан. Алдымен грантты жеңіп алу, туған жерден жырақта оқу оған оңай болмапты. Тілді, терминдерді игеру мен жат жерге бейімделуге біраз уақыт кеткен көрінеді. Ал, қазір спортпен, қоғамдық жұмыстармен айналысуға және достарымен араласуға да уақыт табады. Айжан Рымбек, Сити университетінің II курс студенті: - Математика – ғылымдардың негізі саналады. Барлық қаржы институттары тәуекелдерді басқару үшін статистика мен математикалық модельдерге сүйенеді. Университетті аяқтаған соң, Қазақстанға оралуды жоспарлап отырмын. Және алған білімім мен тәжірибемді елімнің дамуына жұмсаймын. Британ университеттерінің ұстаздары болашақ бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің білімін жоғары бағалауда. Сарапшылар олардың отанына оралуы - елдің өркендеуіне негіз болады деп есептейді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/182732-kazak-kyzy-agylshyn-professorlaryn-tan-kaldyrdy.html