RU
Головкин Джейкобспен реванш өткізуі мүмкін

Головкин Джейкобспен реванш өткізуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бірлескен промоутері Эдди Хирн америкалық боксшы Дэниел Джейкобстың келешегі жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, егер америкалық боксшы мексикалық Хулио Сесар Чавеспен өтетін жекпе-жекте жеңімпаз атанса, оның Геннадий Головкинмен реванш өткізуге мүмкіндігі болады.

"Джейкобс үшін қазір жақсы мүмкіндіктер пайда болды. Егер Чавеске қарсы жақсы жекпе-жекте өзін жақсы қырынан таныта алса, ол Смитпен, Сондерспен кездесіп немесе Головкинмен реванш өткізе алады. Барлығы DAZN-мен жұмыс істейді. Сондықтан да бұл Джейкобс үшін дұрыс таңдалған жекпе-жек", – деп мәлімдеді Эдди Хирн.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс 2017 жылы кездескен болатын. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Алайда, бұл шешіммен келіспеген мамандар мен фанаттар да көп болған еді.

Ал қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2020 жылы қыстың аяғында немесе көктемнің басында өткізеді Ол орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін міндетті түрде қорғау үшін поляк боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасуы қажет.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel