Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Зеленскиймен Қазақстанда кездесу туралы ұсынысқа пікір білдірді

Опубликовано:

Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Украина басшыларының кездесуін Қазақстан аумағында өткізу туралы ұсынысқа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Путин. Фото: kremlin.ru
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru: UGC

Ресей федерациясының басшысы аталмыш сұраққа мақалмен пікір білдіруді жөн көрген. Президенттің сөзін Telegram-канал RT жариялады.

"Ол [Назарбаев - ред] Украина өз бақытын теңіздің ар жағынан іздемеу керек екенін үнемі құптап келді. Бақытты мұхиттың ар жағынан іздеудің қажеті жоқ. Өз көршілеріңмен келісу керек. Бұл да дұрыс тәсіл" , - деді Путин.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Елбасының пікірінше, біздің елдің аумағы бұл мәселеге қатысты нейтралды болып келеді.

Сол себепті, екі басшының бетпе-бет кездесіп, маңызды мәселелерді талқыға салуы үшін таптырмас мүмкіндік болмақ.

Оған қоса, Назарбаев аталмыш ұсынысты украиналық президентке жасағанын айтты. Ол өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш президентінің бастамасына келісімін берген. Қазіргі таңда, бұл сұрақ талқыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1827333-putin-zelenskijmen-kazakstanda-kezdesu-turaly-synyska-pikir-bildirdi/

pixel