RU
Бұрынғы вице-министр Ғани Сәдібеков: Мені қамату біреуге тиімді болды

Бұрынғы вице-министр Ғани Сәдібеков: Мені қамату біреуге тиімді болды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бір жарым жылдан астам уақыт бұрын аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша күдіктеліп, ұсталған болатын. Жақында ғана сол іс бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. Экс-шенеунік содан бері алғаш рет сұхбат беруге келісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасай отырып.

Ғани Сәдібеков. Фото aeok.kz

Ғани Сәдібеков. Фото aeok.kz

Былтыр наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім еткендей, "Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісім жасасып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту үшін мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырған.

Сол кезден бері 20 ай өтті. Ғани Сәдібеков енді ғана өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, жеке көзқарасын білдірді.

Ол 2018 жылғы 1 наурызда баласын мектепке апарған соң өзіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері жақындап, қызметтік куәліктері мен қаулыны көрсеткендерін айтады. Айтуынша, басында ол не болып жатқанын түсінбей, есеңгіреп қалған.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұрынғы вице-министрден ірі көлемде ақша тәркіленгенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты Сәдібеков өзінің пәтерін тінту кезінде қызметкерлердің 2 мың доллар тапқанын жеткізді. Ол бұл соманың миллиардтап жымқыру ісіне меңземейтіні анық деп есептейді.

Экс-шенеуніктің мәлімдеуінше, сол күйі одан ешқандай миллиардтарды таппаған.

Айтуынша, басында оған пара алу бойынша айып тағылған, кейіннен министрліктің ол қойған құжат бойынша іс жүзінде орындалмаған Қарасу көлін тазарту бойынша жұмыстар үшін ақша төлеген деп айыптаған.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер атап өткендей, 2017 жылы энергетика министрлігі жоғарыда аталған нысанды тазартумен айналысатын мердігерге 3,6 млрд теңге төлеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода аталған қаржының 1 миллиард теңгеден астамын шенеуніктің қалтасына басып, ол тексеру барысында тәркіленгенін мәлім етті.

Кадрлар жедел түсірілім видеосынан

Кадрлар жедел түсірілім видеосынан

Сәдібековтің айтуынша, дегенмен, олар нақты соманы атай алмаған, себебі, іс қозғалғанға дейін ешқандай тексеріс немесе аудит жүргізілмеген.

Биылғы қыркүйекте қылмыстық істің аяқталуға жақын екені хабарланған. Алайда, экс-шенеунік бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің асығыстық танытқанын, өйткені істің мәніне әлі де жетпегенін алға тартады.

Оның айтуынша, тергеу үшін қазіргі сәтте ең дұрыс шешім – ақша жымқыру фактісінің болмағанын мойындап, істі жабу.

"2018 жылдың басында мені қамату біреуге тиімді болды, сол үшін де осы көлдердің мәселелерін ойлап тапты. Менде сондай ой қалыптасты", – дейді Сәдібеков.

Ол осы уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің өз қателіктерін мойындай алмайтындарын түсінгенін айтады. Алайда, соңына дейін кінәсіздігін дәлелдеуге ниетті екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel