RU
Министр: Ешкім де ақша аударымдары үшін комиссия алуды ойлап отырған жоқ

Министр: Ешкім де ақша аударымдары үшін комиссия алуды ойлап отырған жоқ

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қолма-қол ақшасыз аударымдарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

министр

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

«Менің білуімше, бұл мәселе бойынша қазір бір нақтылық жоқ. Айтарым, жеке тұлғалар бұған қатысты алаңдамауы керек.

Ешкім де ақша аударымдары үшін қандай да бір комиссия алуды ойлап отырған жоқ. Қаржы министрі бүгін ол туралы мәлімдеме жасады.

Сондықтан, бұл жерде түсініксіз мәселе болмауы тиіс», - дейді Абаев.

Министр бұл мәселенің күн тәртібіне шығудың өзі – экономиканы қолма-қол ақшасыз айырымына ауыстыру бойынша жасалып жатқан үлкен жұмыстың арқасы екенін атап өтті.

«3-4 жыл бұрын ғана банк карталары арқылы мұндай ақша аударымының көлемі көп болған емес. Бүгінде, әсіресе ірі қалаларда – қолма-қол ақшамен есеп айырысу деңгейі қысқарған. Бәрі де транзакцияға көшіп кетті.

Әрине, осының арқасында біздің экономиканың ашықтығы арта түседі. Сонымен бірге, Қаржы министрлігінің алаңдап отырғанын да түсінуге әбден болады.

Қазір дүкендер мен шаштараздардың, басқа да орындардың клиенттері сатып алушының картасымен өз картасы арқылы есеп айырысады.

Осылайша, келісім сомасында салық аудару есепке алына бермейді.

Бұл әлбетте, ұсақ-түйек есеп. Бірақ, бүкіл елде өсіп бара жатқан ақша аударымы операцияларының ауқымын алар болсақ, әрине біздің фискалды органдар сұрақтарын қоя бастайды. Олар бұл мәселені шешуі керек», - деді Дәурен Абаев.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel