RU
Отандық жұлдыздар "ауызға түкіруді" әдет қылған жас әншілерге шүйлікті

Отандық жұлдыздар "ауызға түкіруді" әдет қылған жас әншілерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары ауызға түкіру ырымын әрбір концертінде іске асырып жүрген жас буын өкілдеріне қарсы шықты. Нағима Есқалиева мен Рамазан Стамғазиев бастаған әншілер ежелден келе жатқан ырымды орындауға өнердегі іні-қарындастары әлі тым жас деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Эстрада жұлдыздары аты жер жарып тұрған жас әншілерге баласының аузына түкіртуді құптамайды. Олардың сөзінше, ата-бабамыздан бері келе жатқан бұл ырым жайлы түсінік мүлдем өзгеріп кеткен.

"Біреудің ой-пікірінше сол Төреғали болады ма, басқа болады ма олар үшін ең биікте тұратын адам шығар. Айтқаны келетін аузының киесі болатын адамдар болады. Сол кісілерге түкірткен ғой. Кім көрінгенге түкірту деген болмайды ғой. Ұят нәрсе ғой. Ауызға түкіру дегенді жиі кездестіреміз. Мен кейде бас тартамын. Бірақ, үлкен кісілер ренжиді. Енді әркімнің аузында не бар, не жоғын кім біледі?
Біреу насвай атады, біреуі темекі тартады. Біреу өтірік сөйлейді, біреу өтірік саясаткер. Біреу қу болады. Снықтан басқасының бәрі жұғады дейді. Сол пәк, әлі өмірге лайланбаған, жан-дүниесі таза адамның аузын ашып қойып түкіріп жату дегенге өз басым қарсымын" , - деді Рамазан Стамғазиев.

Оның пікірін танымал Нағима Есқалиева да толықтай қолдайды.

"Ауызға түкіруге үлкен кісілер ғана ұсынылу керек. 20-30 жастағы жастар емес, өмір көрген, айына 40 концерт беріп көрген адам болу қажет. Ал енді жастардың түкіруі маған біртүрлі әрі ерсі көрінеді. Мен онымен келіспеймін. Ол әлі жас, тым жас. 50-60 жастан асқан соң түкіресің" , - деді Есқалиева.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel