RU
Финансистер күні: Қашан несие алуға болады және төлемді кешіктірсе не істеу керек

Финансистер күні: Қашан несие алуға болады және төлемді кешіктірсе не істеу керек

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар Ұлттық валюта - теңге күнін тойлайтын уақыт - финансистер үшін дк кәсіби мереке. Осы орайда, Еуразиялық банк несие беру саласындағы қаржылық сауаттылыққа арналған бейнероликтерді жасау арқылы өз клиенттеріне және олардың қаржысына ерекше қамқорлық көрсетуге бел байлаған.

ввввв

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Бұл видеода біз қай уақытта несие алуға болатынын және қашан болмайтынын қалай түсіну керектігі туралы сөйлесеміз. Адамдардың көпшілігі ақша болмаған кезде ғана несие алуға жүгінеді, бұл мүлдем дұрыс емес. Осындай әрекет арқылы адам өзін тек қарыздық шұңқырға апарады. Сондықтан, есте ұстайтын бірінші нәрсе: несие ақша болмаған жағдайда құтқарушы-таяқ емес.

Несие алу дегеніміз — қажетті затты сатып аларда ақшаңыз болып, бірақ ол жетпей тұрғанда ғана барлық саудаға бірден төлеу үшін іске асыралатын әрекет.

Дәл осы себеппен де біз несиені тек 2-3 төлемнің ақшасын алдын ала жинап, кейінге қалдыра алатын жағдайда ғана алуға кеңес береміз», — деп жазады Еуразиялық банк өзінің ресми Instagram парақшасында.

Екінші роликте Еуразиялық банк несие алуда алаяқтарға қалай алданып қалмау керектігімен бөлісті.

«Банк қызметкерлері ешқашан төлем карточкаларының реквизитін, PIN-кодты, логин мен парольді беруді сұрамайды! Егер сізге қоңырау шалып, өзін банктің қызметкері ретінде таныстырып, жоғарыда айтылған нәрсені сұраса, онда бұл алаяқтар! Банкке мұндай қоңырау туралы шұғыл түрде хабарлаңыз», - деп ескертті банк.

Соңғы ролик сериясында Еуразиялық банк несие төлемін кешіктірген жағайда не істеу керек деген танымал сұраққа жауап берді.

«Бірінші және ең бастысы — абдырап, "құлақ естімейтін жаққа қашудың" керегі жоқ .Банк бірінші кезекте бұл жағдайда қалай шешім табуға болады деген мәселеге назар аударады. Ең дұрыс шешім — банкке тікелей жүгіну. Менеджер сіздің жайыңызды қарастырып, тығырықтан шығудың жолын ұсынады», — деп кеңес берді банк.

Қорыта келгенде, Еуразиялық банк қазақстандықтарға мерекелік құттықтау жолдады.

«Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз! Осы айтулы күнде Еуразиялық банк сіздерге бар қиыншылықтың артта қалып, алдағы уақытта сізге, жақындарыңызға және барша елге септігі тиетін жарқын болашақ тілейді».
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel