RU
Биыл елімізден 34 мыңнан астам адам шетелге көшіп кеткен

Биыл елімізден 34 мыңнан астам адам шетелге көшіп кеткен

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың басынан бері 34 мың қазақстандық басқа елдерге қоныс аударды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ranking.kz сайтының статистикалық деректеріне сәйкес, биыл Қазақстаннан 34,2 мың адам қоныс аударды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 31,6 мың адамды құраған.

Ал республика аумағына бар болғаны 8 мың мигрант кірген, былтырғы көрсеткішпен (9,3 мың адам) салыстырғанда 14,4 пайызға аз.

Осылайша, Қазақстандағы көші-қонның теріс сальдосы биылғы жылы 26,2 мың адамды құрап отыр.

Шетелге қоныс аударғандардың басым бөлігі – 28,8 мың адам – қала тұрғындары. Ауылдардан 5,4 мың қазақстандық көшкен.

Қазақстаннан кеткендердің жалпы санынан – 23,6 мың адам – 16 жастан зейнет жасына дейінгі азаматтар. 9,1 мыңы – кәмелетке толмағандар.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейге қоныс аударады екен. Екінші орында – Германия.

Сондай-ақ, азаматтарымыздың қоныс аударуға қызығушылық танытқан елдерінің қатарында Беларусь мемлекеті бар. Үздік бестікті Өзбекстан мен АҚШ түйіндейді.

Порталдың мамандары атап өткендей, Қазақстан азаматтары одан бөлек, Қырғызстанға, Израильге, Қытайға, Түркия мен Канадаға да жиі көшіп кетеді екен.

Ал республика аумағына қоныстануға Өзбекстан, Ресей және Қытай елдерінен азаматтар жиі келетін болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel