RU
"Астана біздікі!": Қаруланған жігіттердің видеосы Қазнетті шулатты

"Астана біздікі!": Қаруланған жігіттердің видеосы Қазнетті шулатты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде қолына түрлі-түрлі қару ұстаған жігіттің "астана енді біздікі" деп ұрандатқан видеосы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Бейнеролик astana_sergek Instagram парақшасында жарияланды.

"Маған осы видеоны жіберді. "Астана сергек", жариялаңыздаршы. Бұндайлармен ішкі істер министрлігі айналыссын. Астанада тәртіп болу керек деп ойлаймын", – делінген бейнероликтің жазбасында.

Кадрлардан жас жігіттің автокөліктің артқы орнында отырып, қару-жарақтың бірнеше түрін көрсететінін байқауға болады.

Ол екі қолына шамамен травматикалық тапаншалар ұстаған. Кейіннен камераға автоматты көрсетіп, оқтайды.

"Салам алейкум, братва. Астана наш, наш", – деп ұрандатқанын естуге болады.

Сондай-ақ, кадрдың сыртынан біреудің "барлығыңды өлтіремін" деген сөзі естіледі.

Жігіттердің қолында шын немесе жалған қару болғаны әзірге белгісіз.

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы аталған видеоға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғау органы тексеріс нәтижелерін кейінірек хабарлайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Алматы орталығында болған жаппай төбелесті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған болатын.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын екі бірінші курс студентін ұстады

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel