Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Опубликовано:

Ресей астанасы Мәскеуде белгісіз біреулер Армения азаматын – 40 жастағы тай бокстан үш дүркін әлем чемпионы Ашот Болянды атып өлтірді. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып.

Ашот Болян. Кадр: norayr simonyan / YouTube
Ашот Болян. Кадр: norayr simonyan / YouTube: Facebook

Тергеу комитетінің ақпары бойынша, Болянды 13 қараша күні Нахимовский даңғылының бойындағы нөмірі 59-шы үйдің жанында атып кеткен. Ол оқиға орнында, өз автокөлігінің жанында көз жұмған.

"Тергеу оқиғаның түрлі нұсқаларын қарастыруда. Соның ішінде кәсіпкерлік қызметімен байланысты нұсқалар да қаралады", – деп мәлімдеді ведомствоның астаналық басқармасы басшысының аға көмекшісі.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап, шабуыл жасағандарды іздестіруде. Қылмысиық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, былтыр Ташкентте бірнеше адам "Азиялық аю" лақап атымен танымал ауыр салмақтағы ММА чемпионы Мұрад Хантураевты соққыға жығып кеткен. Бірнеше пышақ жарақаты мен көптеген зақым алған спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Тәртіп сақшылардың ақпаратынша, мекемеге қара бетперде мен арнайы киім киген сегіз шақты адам баса көктеп кірген. Олардың қолдарында темірлер, шоқпарлар мен пневматикалық қару болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1827391-mskeude-tanymal-lem-cempionyn-jini-aldynda-atyp-ketti/

pixel