RU
Италияда ажырасқан ер азаматтарға арнайы үй ашылуда

Италияда ажырасқан ер азаматтарға арнайы үй ашылуда

Рассказать Вконтакте

Италияда ажырасқан ер адамдарға арналған арнайы баспана ашылды. Мемлекеттің заңдарына сәйкес, ер азамат ажырасқаннан кейін ортақ баспана жұбайына қалады, сол себепті ол көп жағдайда қаржылай қиындық көреді. Осы орайда мәселенің шешу жолы табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның хабарлауынша, ажырасқан азаматтардың деңгейін үкімет "жаңа кедейлерге" балады, яғни, олардың жақсы білімі бар және олар ешқашан төменгі тап өкілдері болмаған.

Статистикаға сүйенсек, Италияда ажырасудың 60 пайызында баспана балалары қолында қалатын әйел адамға қалады. Оған қоса ер адам балалары мен жұбайына алимент төлеуге міндетті. Олардың өмір сүру дағдысы өзгермеу үшін осындай шешім қабылданған.

Нәтижесінде италиялық ер азаматтар күн көрісіне ақша жетпей, далада қалып жатады. Олардың басым бөлігі тіпті, өздеріне пәтер жалдап тұра алмайды.

Сондықтан еріктілер мен христиандық ұйымдар ажырасқан ер адамдарға жанашырлық танытып өз бөлмелерін берген.

Ол жерде ер азаматтар психологиялық көмек алып, балаларымен кездесе алады. Мұндай пансионаттарда бір жыл ғана тұруға болады.

Сондай-ақ Рим аумағына кіретін Лацио қаласының басшылығы аталған деңгейдегі адамдарға қаржылай көмек көрсетуге ниет білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel