RU
"Жатырын күйдіріп жіберген": Ұстазынан жүкті болған студент енді ана бола алмайды

"Жатырын күйдіріп жіберген": Ұстазынан жүкті болған студент енді ана бола алмайды

Рассказать Вконтакте

Университеттің 3-курсында оқып жүріп, өз ұстазына ғашық болған қыздың тағдыры тәлкекке түсті. Ағайынан жүкті болып қалған бойжеткеннің өзі ойламаған жерден жатырынан айырылып қалған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жатақханада тұратын қыз махаббатың мастығымен ағайымен жақындасып қойған екен.

"Сөйтіп жүргенде қыз аяғының ауыр екенін байқап, ағайына айтады. (Ағайы өзінен біраз жас үлкен). Ол жігіт болса қызға базарда өте арзан тұратын қытайдың дәрісі бар екенін, соны ішіп бір ұйықтап тұрса, шарананың етек кірі келгендей ағып түсіп қалатынын айтады. Еш жерің ауырмайды дейді.

Жап-жас аңқау қыз әлгі дәріні сатып алып ішеді де ұйықтап қалады. Ұйқыдан тұрса іші бүріп ауыртып, астынан қан кетіп жатыр екен. Енді орнынан тұра бергенде, есінен танып, талып қалады.

Бәрге тұратын құрбылары келіп қалып, жедел жәрдем шақыртады. Ауруханаға апарса, әлгі қытайдың дәрісі, қыздың жатырын куйдіріп жіберіпті.

Сонымен жатырын алып тастауға тура келеді. Не деген жан түршігерлік жағдай, дұшпаныма да тілемеспін.

Айтайын дегенім қыздар, әрқайсыларыңыз сүйікті жар, аппақ келін, аяулы ана болуға әбден лайықсыздар. Өмірден өз орындарыңызды тауып, бақытты болыңыздаршы?!",- дейді оқиғаны баяндаған кейіпкер.

Айта кетейік, екінші рет тұрмыс құрғанына біраз уақыт болған келіншек күйеуін келінінен қызғанатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel