RU
Әйел адам күйеуінің денесін бір жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген деп күдіктелуде

Әйел адам күйеуінің денесін бір жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Америкалық Джоплин қаласында әйел адам қайтыс болған күйеуінің денесін бір жылдай тоңазытқышта сақтаған деп айыпталуда. Белгісіз біреу полицияға хабарласып, Барабара Уоттерстің үстінен шағым түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Joplin Globe басылымына сілтеме жасап.

Барбара Уоттерс, фото: joplinglobe.com, көрнекі фото: pxhere.com

Барбара Уоттерс, фото: joplinglobe.com, көрнекі фото: pxhere.com

Миссури штатының құқық қорғау органдарына белгісіз біреу хабарласып, 67 жастағы Барбара Уоттерстің марқұм күйеуі Пол Бартонның өлі денесін тоңазытқыш камерасына салып қойғанын хабарлады.

Ол сондай-ақ, Полдың 2018 жылы 30 желтоқсан күні қайтыс болғанын айтты. Ер азаматтың сөзінше, ол бар шындықты жария қылса, Барбара оны өлтіруден де тайынбайтынын алға тартты. Бұл туралы оған әйел адамның өзі айтыпты.

Сонымен қатар, келіншек өз пәтеріне полиция, өрт сөндірушілер мен медициналық қызметкерлер кіретін болса, оларды да өлтіретінін мәлімдеген екен.

Десе де, Джоплин қаласының полиция қызметкерлері бүгін, 15 қараша күні әйел адамды құрықтады.

Жергілікті басшылықтың хабарлауынша, Уоттерстің қолында қару бар және ол "психикалық ауытқудың" салдарынан қоғам үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта мамандар оның күйеуінің неден көз жұмғанын білу үшін денені ашпақ. Барбара Уоттерс төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel