RU
Қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру: Тоқаев тапсырма берді

Қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру: Тоқаев тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың арасында қолма-қол ақшасыз ақша аударымдарына салық енгізу туралы қызу талқыланған мәселеге пікір білдірді. Бұл тақырыпты мемлекет басшысы Көкшетауда өткен кеңесте қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында мемлекет басшысының жедел қолма-қол ақшасыз аударымдарға салық салу мүмкіндігі туралы айтқанын мәлімдеді.

Тоқаев бұл мәселені республиканың мемлекеттік органдары мұқият пысықтауы тиіс деп есептейді.

"Осы себепті президент күн тәртібінен мәселені алып тастауға тапсырма берді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге салайық, бұл мәселеге қатысты қаржы министрі Әлихан Смайылов та пікір білдірген болатын.

"Айта кетейін, қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салықтар алуды, жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізуді жоспарлап отырған жоқ", - деген еді ол.

Сондай-ақ, қаржы министрлігі банктермен бірге азаматтар қолма-қол ақшасыз төлем жасай алатын ыңғайлы әрі жеңіл инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс бастайтынын атап өткен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel