RU
Алматыда тауда жоғалған арудың қалаға түсіп бара жатқанын көрген жан бар болып шықты

Алматыда тауда жоғалған арудың қалаға түсіп бара жатқанын көрген жан бар болып шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда тауда жоғалған Әсел Панарғалиеваны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Анықталғандай, ғарыш бекеті қызметкерлерінің бірі 9 қараша күні бойжеткеннің Үлкен алматы шыңынан түсіп келе жатқанын көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: vk.com/gornotravel

Фото: vk.com/gornotravel

Құтқарушылардың сөзінше, ғарыш бекетінің қызметкері сипатталған қызға ұқсас бойжеткенді 9 қараша күні 13:00 шамасында көрген.

Оның айтуынша, Панарғалиева ғарыш бекеті ауданында Үлкен алматы шыңынан түсіп келе жатқан. Ал құтқарушылар бойжеткенді іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатқанын хабарлады.

Іздестіру шараларына ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 14 адам қатысып жатыр.

Олар екі топқа бөлінді. Әрқайсысында кинологиялық есеп бар.

Құтқарушылар алматылық қыздың жаяу жүру арқылы қай жерде жоғалуы мүмкін екенін қарауда.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Әсел Панаргалиеваның жақындары ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінен іздеу жұмыстарына тікұшақ тартуды сұраған болатын.

ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді. Белгілі болғандай, ол 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан. Сол күні сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы көлінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Содан кейін байланысқа шықпаған.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

Күні кеше әуеге авиация көтерілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel