RU
Қостанай облысында банк қызметкері 87 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Қостанай облысында банк қызметкері 87 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы банк қызметкері 87 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ alau.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Полиция қызметкерлерінің ақпарынша, қаржы жымқыру фактісі Жітіқара ауданындағы банк филиалдарының бірінде тіркелген.

Тәртіп сақшылары таратқан мәліметке сәйкес, банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, қашып кетті деп күдіктеліп отыр.

Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабына сәйкес "Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемдену және жұмсау" бабы бойынша қылмыстық із қозғалған.

Сонымен қатар полицейлер 12 қараша күні оның Ресей шекарасын кесіп өткенін анықтаған.

Бүгінде күдіктіні қамау жөнінде санкция беріліп, оны ұстау шаралары қолға алынған. Сонымен бірге осы оқиғаға қатысты өзге де тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласында апта басында мұз үстінде ойнаған балалардың екеуі суға кетіп, көз жұмған еді.

Бұл жағдайдан кейін тәртіп сақшылары тағы да ата-аналарды балаларына мұқият болуға, жалғыз қалдырмауға шақырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel