RU
Желіде әйгілі "Форсаж" жұлдызының өлімі туралы ақпарат тарап кетті (фото)

Желіде әйгілі "Форсаж" жұлдызының өлімі туралы ақпарат тарап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Желіде атақты "Форсаж" фильмінің жұлдызы Дуэйн Джонсонның өліміне қатысты суыт хабар тарап кетті. Интернет алаяқтар оны сәтсіз трюк жасаған сәтте өмірден озды деп ақпарат таратқан. Алайда бұл жалған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ. life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Желіде жарияланған жалған ақпарат BBC News-тің атынан "Дуэйн Джонсон 47 жасында сәтсіз трюктен кейін дүниеден өтті" деген тақырыппен жарияланған.

Бұл жаңалықты әрі қарай оқу үшін сілтеме арқылы өткен желі қолданушылары BBC-дің ресми порталына емес жалған сайтқа тап болған.

Десе де желі қолданушылары аталмыш ақпаратқа сеніп қалған. Олар тіпті желідегі парақшаларында актердің өмірі мен оның денсаулығы жайлы да талқылай бастаған.

"Форсаж" және "Джуманджи" фильмдерінің жұлдызы әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болса да, аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірмеді.

Айта кетерлігі бұл актердің басынан өткеріп жатқан осы іспетті алғашқы жағдайы емес. 2011 және 2014 жылдары да желіде оның өлімі туралы жалған ақпарат тарап, актердің жанкүйерлерін дүрсілкіндірген еді.

Сол сияқты мұндай жағдай жақында ғана Ресейдің "Интерны" телехикаясының актрисасы Кристина Асмустың да басынан өткен еді.

Оның суреті бар құлпытас жерлеу қызметтері сервистерінің бірінде пайда болып, елді шулатқан болатын.

Актриса мен жақындары аталмыш ақпаратты көре сала, оны жоққа шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel