RU
Нұр-Сұлтанда әйел адамды қағып кеткен қашқын жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтанда әйел адамды қағып кеткен қашқын жүргізуші ұсталды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары елорданың қақ ортасында көлік жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Полиция хабарламасына сәйкес, оқиға осы жылдың 12 қарашасында орын алған. Жол-көлік оқиғасы Кенесары мен Иманбаев көшелерінің қиылысында болды.

Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Полицияда тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын іске асырып, нәтижесінде 23 жастағы елорда тұрғыны ұсталғаны мәлімделді.

Нұр-Сұлтан тұрғынының автокөлігін айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

Айта кету керек, зардап шеккен әйел адам ауруханаға түрлі жарақаттар мен сынықтармен жеткізілген болатын.

Жол апатынан жарақаттанып қалған келіншектің күйеуі бұған дейін елорда тұрғындарынан заңбұзушы жүргізушіні табуға көмектесулерін өтінген болатын Ер адам жол апатына кінәлі көлік үлкен жылдамдықпен келе жатқанын айтып өтті. Оған қоса, ол жары оқиға салдарынан мұрны мен жағын сындырып алғанын хабарлады.

Анықталғандай, ерлі-зайыптылар Алматыға ота жасатуға барады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel