RU
UFC cпортшысы өзі үшін ақша тігіп, үйінен айырылған жанкүйеріне ақшасын қайтарды

UFC cпортшысы өзі үшін бәс тігіп, үйінен айырылған жанкүйеріне ақшасын қайтарды

Рассказать Вконтакте

Ережесіз жекпе-жек жұлдызы Нейт Диас өзінің жеңілісі салдарынан жапа шегіп қалған жанкүйеріне көмектесті. Америкалық спортшы Хорхе Масвидальмен болған жекпе-жекте оның жеңісіне тігіп, үйінен айырылып қалған жігітке ақшасын қайтарып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: fightnews.info

Фото: fightnews.info

Ер адам сүйікті спортшысы Нейт Диастың жеңісіне сенімді болып, оған ақша тігемін деп баспанасыз қалған. Мүлкінен қағылған азамат бірден мұндай күйге түскені туралы UFC жұлдызына жазып жіберген.

Ол Диасқа қаржы тапшылығына тіреліп, жалдамалы үйінің төлемін іске асыра алмай көлікте түнегенін айтып берген. Жанкүйерінің қиын жағдайға тап болғанын білген Нейт оған қаржылай көмек көрсетуге уәде берген. Америкалық спортшы сөзінде тұрып, оған қыруар қаржы ұстатқан.

Қуанышы қойнына сыймаған 34 жастағы азамат Нейт Диастан ол үшін тіккен ақшасынан әлдеқайда көбірек алғанын жеткізді.

Айта кетейік, кезінде Конор Макгрегормен жұдырықтасқан Нейт Диас жақында өткен UFC 244 турнирінде Хорхе Масвидалға техникалық нокаутпен ұтылып қалды.

Жеңілісінен кейін Диас мансабын аяқтайтынын меңзеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel