RU
"Одан тартынатынмын": Түсіпбаеваның Сиви Махмудиге деген ойы не себепті өзгерген

"Одан тартынатынмын": Түсіпбаеваның Сиви Махмудиге деген ойы не себепті өзгерген

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бұған дейін аса жақын араласпаған Сиви Махмудиге қатысты ойы түбегейлі өзгеріп кеткенін айтты. Эстрада жұлдызы өнердегі сіңлісін жаңа қырынан танып, оның қарапайымдылығына аса тәнті болған деп жазад KAZ.NUR.KZ.

Түсіпбаева Сиви Махмудимен Жанар Хамитованың өлімінен кейін жақын араласып кеткен. Өзі қарапайым отбасында өскен жұлдыз байқуатты жанұядан шыққан жас әншіні түсіне алмаймын деп ойлаған. Алайда, бүгінде ол қателескенін Instagram парақшасы арқылы алға тартты.

"Негізі, әр әйел жұмбақ. Әсіресе, өнердегі арулар. Кей әртістер сырт көзге, мөлдір , тұнық , қазақи көрінгенмен, жақын таныссаң, одан безіп, ешқашан көріспесек екен енді, жол сапарға бірге , құдай шығармаса екен деп тілеген кездерім де болды. Өйткені, адаммен жылдар бойы араласып, оның нақты қандай екенін, жолға шыққанда ғана аңғарасың.

Ақиқат! Биыл мен, өзім үшін, жұмбақ жан-Сивимен жақын таныстым. Бұрын, той- томалақтарда, көрісіп жүретінбіз , әрине. Сауық-сайран, баршылықта, Сивидың жанында шашбауын көтереген атақты аға-апаларымыз, замандастарымыз каптап жүретін. Шыны сол, Сивиден тартынатынмын. Құрметтеп әпке деп тұрса да, тең -теңімен, тезек -қабымен деген ойларым болатын.

Мен қарапайым отбасында өскендіктен, Сивиды түсіне алмаспын деп ойлайтынмын. Биыл бізді Жанар қосты. ( иманды болсын) Сиви сияқты, мен де, адасқан, қажыған адамды демегім келді. Жанардың жаназасына барарда, неге Сиви жанына еріп баратын бір өнер адамын таппады ?! Дір-дір етіп, өнердегі құрбысын жоқтап, сонау Қарқаралыда солқылдап жылаған Сивиді жұбатып, демеуге олар неге асықпады екен" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel