RU
Роза Әлқожа "Мәдениет саласының үздігі" атанды (фото)

Роза Әлқожа "Мәдениет саласының үздігі" атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа ерекше марапатқа ие болды. Қазақстандық эстраданың жарқын жұлдызы "Мәдениет саласының үздігі" атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен әншінің өзі Instagram желісінде бөліскен. Роза Әлқожа мәртебелі жүлдеге ие болғанын алдымен өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

"Осындай жаңалық болып жатыр енді. Қуана алмай қалғам-ау осы мен?! Бұрынғы мәдениет қайраткері деген атақ ия қателеспесем" , - деп жазды ол жеке парақшасында.

Желі қолданушылары отандық әншіні ерекше марапатымен құттықтап, өзінің ақ тілегін білдіріп жатты.

"Құтты болсынғ әбден лайықсыз" , "Жарайсыз, жүлделеріңіз көбейе берсін" , "Қуаныштымыз, Роза ханым. Лайықытысыз" , "Бақытты болыңыз, өнеріңіз өрге жүзе берсін" , "Қандай керемет жаңалық" , "Роза ханым, шығармашылығыңыз гүлдене берсін" , "Расымен үздіксіз ғой" , "Жарасыз, шаба беріңіз", "Тек қана қуанамыз ғой әрбір жетістігіңізге" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа Ресейдің бірқатар облысын аралап, сол елдегі қандастырымызға концерттер еріп қайтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel