RU
Павлодарда есірткі сатумен айналысқан әкесі мен екі ұлы ұсталды

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан әкесі мен екі ұлы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Павлодар полицейлері есірткі сатумен айналысқан топты анықтады. Марихуананы өткізу ісімен әкесі мен екі ұлы айналысқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ видеосынан кадрлар

ІІМ видеосынан кадрлар

Өңірдегі жанұялардың бірі немен айналысатынын полицейлер ұстаған марихуана сатушы ашып берді. Азаматтан 78 грамм улы ішімдік табылды.

Полицейлер есірткі сату ұйымдастырылуы мүмкін деген пәтерде тінті жұмыстарын жүргізді. Осылайша, азаматтан "Браунинг" тапаншасы, 4 грамм героин мен 1 келіден аса өлшеп салынған марихуана анықталды.

Дәл сол күні тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың ұлын да қолға түсірді. Одан 14 телефон мен 9 мүшек пен пакетте сақталған 199 келі марихуана тәркіленді. Ол сатуға дайын тұрған деп мәлімдеді ІІМ-де.

Оған қоса, полиция отбасылық кәсіпке ұсталған азаматтың тағы бір ұлының қатысы барын тексерді. Одан бес ұялы телефон, марихуана салынған пакет және шатырда сақталған құрғақ сора бұталары анықталды.

Жанұя мүшелері ұсталды. Енді оларды мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары әкесі мен ұлдарының есірткі кәсібіне қатысы бар басқа тұлғаларды іздестіруде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel