RU
Монаколық компанияның экс-басшысы қазақстандық шенеуніктерге пара бергені рас па

Монаколық компанияның экс-басшысы қазақстандық шенеуніктерге пара бергені рас па

Рассказать Вконтакте

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетелдік компания қызметкерлерінің қазақстандық шенеуніктерге пара бергені туралы ақпаратты тексеріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Монаколық компания топ-менеджерінің сөзіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр.

Оқиға 2006-2008 жылдары болуы мүмкін. Сол себепті, ведомство қызметкерлері ақпаратты қайта тексеру үшін мұрағаттарды ашуда.

Аталған ақпарат расталған жағдайда барлығы тексеріледі.

Айта кетейік, Монакода орналасқан Unaoil делдалдық компаниясының бұрынғы басшысы Cайрус Ахсани және операциялық директор Саман Ахсани Қазақстанда шенеуніктерге пара берді деген күдікке ілінді. Тиісті мәлімдеме АҚШ әділет министрлігінің сайтында 30 қазанда жарияланды.

Ведомство мәліметінше, Монакодағы делдал серіктестіктің бұрынғы директоры және бас операциялық директоры сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқанын және әлемнің көптеген елдеріндегі шенеуніктерге миллиондаған доллар пара бергенін мойындады.

Атап айтқанда, бұл елдерге Алжир, Ангола, Әзірбайжан, Конго, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия жатады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel