RU
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин Елбасы бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасының іске асырылуын бақылау аясында өңірге жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды primeminister.kz.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Павлодар қаласындағы денсаулық сақтау және спорт нысандарының салыну барысымен танысты, оның ішінде биыл 1 желтоқсанда пайдалануға беру көзделген 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер мен тәулігіне 100 келуге арналған емхана, сондай-ақ, мұз аренасын, футбол және жабық жеңіл атлетика манеждерін, олимпиадалық резервке дайындау орталығын қамтитын «Спорт-Сити» спорт қалашығы бар.

Үкімет басшысы Ақсу қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын — салынып жатқан қалалық жылу қазандығы мен балалар эко-техно орталығын тексерді. 

Жыл басынан бері Павлодар облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 19 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға артық. Республикалық өңдеу көлемінің 12%-ға жуығын қамтамасыз етіп отырған өңдеу секторының кәсіпорындары да тұрақты өсім көрсетті. Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 3,1%-ға, металлургия өндірісі 2,1%-ға, химия өндірісі 8,9%-ға, машина жасау өндірісі 5,3%-ға өсуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel