RU
Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдіктіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды.

"Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жамбылдық полицейлермен ауыр қылмысты жасаған күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары елорданың қақ ортасында көлік жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып кеткенін мәлімдеді. Полиция хабарламасына сәйкес, оқиға осы жылдың 12 қарашасында орын алған. Жол-көлік оқиғасы Кенесары мен Иманбаев көшелерінің қиылысында болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 23 жастағы күдікті ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel