RU
Ішкі істер министрлігі Олеся Кексельге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Ішкі істер министрлігі Олеся Кексельге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельге және прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Олеся Кексель. Фото: time.kz

Олеся Кексель. Фото: time.kz

Басылым мәліметіне сәйкес, Кексель мен Ғаббасов ҚР ҚК 146-бабының 1-бөлігі бойынша (азаптау) айыпталуда. Бұл туралы Энергетика министрінің экс-орынбасары Анатолий Шкарупаның ісі бойынша сот отырысы барысында белгілі болды.

Энергетика экс-вице-министрімен қатар сотқа тартылған "Energo" компаниясының директоры Ерлан Нәбиевтің адвокаты отырыс барысында Кексель мен Ғаббасовқа қатысты тергеу жұмыстарының басталуына оның қорғауындағы адамның құзыретті органдарға жүгінуі себеп болғанын айтты.

Хамида Айткалиеваның айтуынша, бизнесмен олардың заңсыз әрекеттерін айыптаған.

Сонымен қатар, адовкат Нәбиевті кінәсіз деп табуды сұрады. Себебі, оның түсіндіруінше, кәсіпкерді тергеу уақытында азапқа салған.

Қорғаушы осы іс бойынша жағдайды анықтаумен айналысатын адамдардың қатарына тәжірибелі құқық қорғау қызметкерлері тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Кексельден куәгер ретінде жауап алғанын айтты.

Аталған ақпаратты көшіру және пайдалану тек "Издательство Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады.

Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz порталына да Олеся Кексель мен Бауыржан Ғаббасовқа қатысты тергеу жұмыстары басталғанын растады. Ведомство басқа ақпаратпен бөліскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel