RU
"Астана біздікі": Полиция қару ұстаған елордалық азаматты анықтады

"Астана біздікі": Полиция қару ұстаған елордалық азаматты анықтады

Рассказать Вконтакте

Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан өздеріне тиесілі екенін айтып, қару көрсеткен видеодағы "батырдың" тұлғасын анықтағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік желіде пайда болған видеодан кейін тәртіп сақшылары жігіттің тұлғасын анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізген.

Олар бейнеролик түсіріліміне қатысқан астаналықтың 24 жаста екенін анықтапты. Елорда тұрғыны бұрын істі болған.

Қазір қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және ұстау фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау мақсатында шаралар қабылдауда.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қолына түрлі қару ұстаған жігіттің "астана енді біздікі" деп ұрандатқан видеосы тарап кетті. Кадрлардан жас жігіттің автокөліктің артқы орнында отырып, қару-жарақтың бірнеше түрін көрсеткенін байқауға болады. Ол екі қолына шамамен травматикалық тапаншалар ұстаған. Кейіннен камераға автоматты көрсетіп, оқтайды.

"Салам алейкум, братва. Астана наш, наш", – деп ұрандатқанын естуге болады.

Сондай-ақ, кадрдың сыртынан біреудің "барлығыңды өлтіремін" деген сөзі естіледі. Жігіттердің қолында шын немесе жалған қару болғаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel